«Көшпенділер қалашығы» жөнделіп, «Таңбалы таста» көпір салынады

Жарияланды 21 Қаңтар 2026 17:06

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
«Көшпенділер» қаласы туристік кластерге енді / Фото: Gov.kz

2026 жылы Алматы облысы аумағында «Көшпенділер қалашығын» жөндеу жобасы әзірленеді. Бұған қоса, туристер жиі баратын осы орыннан «Таңбалы тасқа» өтетін көпір салынады. Бұл туралы Kursiv.Media өңір әкімдігі таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

«Номад» қамалы деген атпен де белгілі «Көшпенділер қалашығы» 2004 жылы салынған. Іле өзені бойындағы осы нысанда сол жылы «Көшпенділер» фильмі түсірілген.

Фильм түсірілген нысан Қонаев қаласының меншігіне қайтарылған / фото: Қонаев қаласы әкімдігі

«Таңбалы тас» шатқалына жақын орланасқандықтан, мұнда туристер көп келеді. Енді Қонаев әкімдігі қалашық пен шатқал арасын жалғайтын көпір салуды көздеп отыр.

«Іле өзені арқылы «Таңбалы тас» пен «Көшпенділер қалашығын» байланыстыратын жаяу көпір салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлінді», – деп таратты Алматы облысының әкімдігі.

Орта ғасырлар үлгісінде салынған қалашық пен «Таңбалы тасты» ашық аспан астындағы музей деп жиі атайды.

Сондай-ақ оқыңыз