Жаңалықтар

Каспий құбыры жүйесі екінші мұнай айлағы құрылғысының жұмысын толық тоқтатады

КҚК айлық құрылғысын демонтаждайды / Фото: КҚК, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) қараша айындағы Украина дрондарының шабуылы салдарынан зақымданған №2 сыртқы айлақ құрылғысын (ВПУ-2) бөлшектемек. Бұл туралы консорциумның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз хабарламасында ерекше назар КТК-3 сыртқы айлақ құрылғысын жөндеуге аударылғаны айтылды. 2025 жылдың қараша айының ортасынан бері қолайсыз ауа райы жағдайында аталған құрылғыда жүк жүйесінің суасты құбырларын ішінара ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 29 қарашада айлақ құрылғысы дрондар шабуылынан едәуір зақымданған. Осыған байланысты мұнай қазір тек бір құрылғы арқылы экспортқа шығарылып жатыр. Ал ВПУ-3 қараша айының ортасынан бастап жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша пайдаланудан шығарылған.

Қазақстанның Энергетика министрлігі бұған дейін КҚК теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелту көлемі уақытша азайғанын хабарлаған болатын. Бұл ВПУ-2 жұмысының тоқтатылуы, ВПУ-3-тегі жөндеу жұмыстары және Қара теңіздегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлармен байланысты.

Каспий құбыр консорциумы Батыс Қазақстан мен Каспий теңізі шельфіндегі кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Құбыр желісінің жалпы ұзындығы шамамен 1,5 мың шақырымды құрайды. Бұл – қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты, құбыр арқылы тасымалданатын мұнайдың 80 пайыздан астамы Қазақстан үлесіне тиесілі.

КТК Қазақстан аумағынан жылына 72,5 млн тоннаға дейін, ал Ресей аумағы арқылы 83 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдау мүмкіндігіне ие. 2024 жылы консорциум жүйе арқылы 63,01 млн тонна мұнай жөнелткен. 2025 жылғы тасымал көлемі әзірге жарияланған жоқ, алайда соңғы болжамдар 72-74 млн тонна деңгейінде болған.

КТК акционерлері қатарында Ресей Федерациясы – 31%, Қазақстан – 20,75%, сондай-ақ Chevron, LUKOIL, Mobil, Rosneft-Shell, BG, Eni және Oryx компаниялары бар.