Жаңалықтар

Мемлекет қымбат, элиталы мектептерге ақша бөлуді тоқтатады

Фото: kursiv.media мұрағаты

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізуді тапсырды.

Бектеновтің сөзінше, бюджет қаржысы тек өңірлердегі оқушы орындарының тапшылығын шұғыл жабатын мектептерге ғана бағытталмақ.

«Қымбат элиталық мектептерді қаржыландыруды тоқтату керек. Оқу-ағарту министрлігі бір айдын ішінде жекеменшік оқу орындарының жаңа стандарттарға сәйкестігі тұрғысында лицензиядан кейінгі бақылау жүргізсін. Нәтижесі бойынша ақпарат енгізілсін», – дейді ол.

Мұның алдында елдегі жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгеретіні жайлы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да хабарлаған болатын.

Кеше Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда Тоқаев білім беру саласында мемлекеттік қаржыландырудың қолданыстағы тәртібі бұрмаланып отырғанын атап өтіп, оны шұғыл түрде түзету қажеттігін мәлімдеген еді.