Қазақстандағы 50-ге жуық газ кен орны аукционға шығарылады

Қазақстандағы 50-ге жуық газ кен орны аукционға шығарылады Бұл жердегі барлау жұмыстары QazaqGaz, «Самұрық-Қазына» қоры және жеке инвесторлардың қаржысы есебінен жүргізіледі.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы геологиялық барлау жұмыстарының кешенді бағдарламасын іске асырып жатыр. Қазір 14 учаскеде шамамен 515 млрд текше метр газ мөлшерін алдын ала бағалау жұмыстары жүргізілген.
Орта мерзімді жоспар бойынша геологиялық барлау портфелі 30 учаскеге дейін кеңейіп, жалпы газ ресурсы шамамен 1,7 трлн текше метрге жетпек. Бұл өндірісті ұлғайтуға және ішкі сұранысты тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп сендірді министр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда QazaqGaz компаниясының әлеуеті дұрыс пайдаланылмай отыр деп сынға алған.