Трамп: АҚШ Гренландияны алу үшін күш қолданбайды

АҚШ президенті АҚШ-тың Гренландияны бақылауы НАТО альянсын нығайтады деп мәлімдейді. Ол Гренландияны күшпен басып емес, келіссем сатып алу туралы Швейцарияның Давос қаласындағы Дүниежүзілік экономикалық форумда айтты, деп хабарлайды CNN.
Дональд Трамп еуропалық одақтастарын АҚШ-тың Гренландияны сатып алуы туралы жедел келіссөздер жүргізуге шақырды.
«Тек Америка Құрама Штаттары бұл орасан зор жерді, мұздың үлкен бөлігін қорғай алады, оны игереді, жетілдіреді және оны Еуропа үшін пайдалы, Еуропа үшін қауіпсіз және біз үшін пайдалы етеді», – деді Трамп.
АҚШ президенті АҚШ-тың Гренландияны бақылауы НАТО альянсын нығайтады деп мәлімдейді.
«Бұл НАТО-ға қауіп төндірмес еді. Бұл бүкіл НАТО Альянсының қауіпсіздігін едәуір нығайтады», – деп атап өтті Трамп.
Дональд Трамп Гренландияны сатып алу үшін күш қолданбайтынын мәлімдеді.
«Егер мен шамадан тыс күш қолдануды шешпесем, біз ештеңеге қол жеткізе алмайтын шығармыз, шынымды айтсам, бізді тоқтата алмайды. Бірақ мен мұны істемеймін. Жарайды. Енді бәрі: «о, керемет»дейді. Бұл мен жасаған ең маңызды мәлімдеме, өйткені адамдар мені күш қолданамын деп ойлады. Бірақ маған күш қолданудың қажеті жоқ. Мен күш қолданғым келмейді. Мен күш қолданбаймын. Америка Құрама Штаттары – Гренландияны сұрайды», – деді ол.
Кейінірек Трамп Гренландияны кеңейтілген келісім шеңберінде емес, АҚШ-тың толық меншігінде көретінін тағы да мәлімдеді.
Трамп Данияға да сын айтып, елді АҚШ-тың алдында қарыздар деп мәлімдеп, екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде елді АҚШ-тың құтқарып қалғанын айтты.
Осыған дейін Трамп Ұлыбритания, Германия, Дания, Нидерланды, Норвегия, Финляндия, Франция және Швецияға қарсы 10%-дық баж салығын енгізген еді. Себебі Трамп Гренландияны күштеп өзіне қосып алмақшы болғаннан кейін ЕО АҚШ-пен арадағы сауда келісімін рәсімдеуді тоқтатып қойған.
Гренландияны АҚШ-қа қосу туралы идеяны Трамп 2019 жылдан бері айтып келеді. Қаңтардан бері бұл тақырыпты қайта көтеріп, Конгрессте талқылана бастады. Жауап ретінде Дания жақтастары Гренландияға әскери күштерін жіберді.