Жекеменшік медицина және білім беру ұйымдарын қаржыландыру қайта қаралады – Балаева

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану үшін жаңа жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мораторий енгізіледі / фото: KursivMedia мұрағаты
Бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану үшін жаңа жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мораторий енгізіледі / фото: Kursiv.Media мұрағаты

Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында осындай мәлімдеме жасады.

Енді білім беру және денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру мәселелері түбегейлі қайта қаралмақ.

Бұл Президент Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған тапсырмалары шеңберінде жүзеге аспақ. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Аида Балаева бүгінде білім беру саласында пилоттық режимде жекеменшік мектептерді цифрлық есепке алуды, негізгі процестерді автоматтандыруды және бюджеттеу жүйесімен синхрондауды көздейтін жаңа тетік енгізілгенін атап өтті. Нәтижесінде 785 жекеменшік мектеп толық цифрландырылды.

«Бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану үшін жаңа жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мораторий енгізіледі. Мемлекеттік қаржыландыру енді тек өңірдегі нақты қажеттілік бар жекеменшік мектептерге ғана бағытталады. Бұл ретте мемлекеттік мектептердің болмауы, үш ауысымды оқытуды жою және апатты мектептердің орнына жаңа білім беру нысандарының салынуы негізгі басымдық ретінде айқындалып отыр», – деді Аида Балаева.

Вице-премьер білім саласына жекеменшік инвестицияны тарту үшін мемлекеттік тапсырыссыз, тек инвестициялық шығынды өтеу механизмі сақталғанын айтты. Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жекеменшік мектептерге лицензиядан кейінгі бақылау жүргізетін болады.

Мұның алдында Балаева білім сапасын бақылау құзіреті басқармалардан Оқу-ағарту министрлігіне берілетінін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз