Тұрғын үйде үлесі бар, кезекте тұрған азаматтар да жеңілдетілген ипотека ала алады

Отбасы банк үй кезегінде тұрған азаматтар үшін маңызды шешім қабылдады. Енді кезекте тұрған адамның тұрғын үйде үлесі болса да, ол жеңілдетілген ипотека рәсімдей алады немесе жалдамалы тұрғын үй ала алады. Тұрғын үйдегі үлесі үшін оны кезектен шығармайды. Бұл туралы Kursiv.media krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Отбасы банктің хабарлауынша, жаңа ережелер биылғы ақпан айынан бастап күшіне енеді.
Осыған дейін…
Кезекте тұрғандар үшін негізгі талап, соңғы 5 жыл ішінде меншігінде тұрғын үйдің болмауы керек еді және бұл талап бұрын тұрғын үйдегі үлеске де қатысты қолданылатын.
Алайда көптеген адамдардың ата-анасының пәтерінде немесе үйінде шағын үлесі бар, бірақ іс жүзінде олардың өз жеке баспанасы жоқ.
Не өзгерді
Отбасы банкке көптеген өтініш түскеннен кейін, банк мемлекеттік қолдау көрсету кезінде пәтерде немесе үйде үлесі бар кезекте тұрған азаматтарды кезектен шығармау туралы шешім қабылдады.
«Енді, егер адамның тұрғын үйде үлесі болса да, бірақ ол ресми түрде кезекте тұрса, мемлекеттік қолдауға ие бола алады. Бұл – Отбасы банктің бастамасы, өйткені қазіргі таңда бұл мәселе заң деңгейінде нақты реттелмеген«, – деп хабарлады банк.
Үлесі бар кезекте тұрғандарға қандай мүмкіндік бар
Тұрғын үйде үлесі бар кезекте тұрған азаматтар келесідей мүмкіндіктер ие бола алады:
- Отбасы банк арқылы жеңілдетілген ипотекаға (кезек санатына байланысты жылдық мөлшерлеме 2%-дан бастап);
- Сатып алу құқығымен немесе онсыз берілетін жалдамалы тұрғын үйге (ай сайынғы жалдау ақысы шамамен 15 мың теңге, оған коммуналдық қызметтер қосылады).
Ал жаңа өтініш берушілерді кезекке қою кезінде тұрғын үйдегі үлестің бас тарту себебі бола ма, жоқ па әзірге нақты емес.
Жуырда Отбасы Банк зейнетақы төлемдерін емделу үшін алуға уақытша тыйым салған еді. «Отбасы банктің» хабарлауынша, бұл шешім медициналық қызметтерге зейнетақы артықшылығын пайдалану ережелерін қайта қарауға байланысты болып отыр.