
Қазақстан Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумында Бейбітшілік кеңесіне кірді. Және Кеңеске кіру үшін жарна төлеген жоқ. Себебі 1 млрд доллар көлеміндегі жарна мүшеліктің шарты емес, бұл әрбір қатысушының құқығы, деп атап өтті Ақорда.
«Бейбітшілік Кеңеске кіру үшін тек мемлекеттің тәуелсіз шешімі қажет. Кірген сәттен бастап мемлекеттің кеңесте болу мерзімі үш жылды құрайды. Жарғыда айтылған 1 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарна мүшеліктің шарты емес. Бұл әрбір қатысушының құқығы», – деп атап өтті Ақорданың баспасөз қызметі.
Ақпаратқа сүйенсек, егер 1 миллиард доллар жарна бірінші жыл ішінде төленсе, мемлекет өзінің кеңестегі қызметін белгіленген үш жылдық мерзімнен тыс ұзартуға мүмкіндік алады.
«Қазақстан бейбітшілік Кеңесіне қандай да бір қаржылық жарна енгізбестен кірді, бұл жарғының ережелеріне толық сәйкес келеді», – деп атап өтті Ақордада.
22 қаңтарда швейцариялық Давоста жыл сайынғы Дүниежүзілік экономикалық форум барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Қазақстан Президентімен қатар салтанатқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.