
Синоптиктер Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында қалың қар мен көктайғақ салдарынан дауылды ескерту жариялады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан арқылы Ресей мен Қытай шекарасын жалғайтын республикалық трассаның бірнеше учаскелері жабылды, деп хабарлайды ҚазАвтожол.
Ауа райының нашарлауына байланысты РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі 159-238 километрінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Жол шамамен 2026 жылы 23 қаңтар сағат 8:00 ашылуы қажет.
Бұдан бөлек тағы да екі өңірде маңызды республикалық жолдар жабылды.
Қызылорда облысы:
РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының учаскесінде, 1806-2055 километрінде яғни Қызылордан Түркістан облысының шекарасына дейін;
Түркістан облысы:
РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының учаскесінде, 2055-2095 километрінде, Қызылорда облысының шекарасынан Түркістанға дейін.
Жол шамамен 2026 жылы 23 қаңтар сағат 8:00 ашылуы қажет.