Бірыңғай QR қарапайым халыққа не береді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Кішкентай дүкеннің кассасында әртүрлі банктердің 3–4 POS-терминалы қатар тұратын дәуір ресми түрде өткеннің еншісіне кетіп барады. Президент 2026 жылғы 16 қаңтарда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға енгізілген түзетулерге қол қойды. Finratings.kz осы ретте бұл өзгеріс күнде дүкенге баратын қарапайым азаматтарға не беретінін талдап көрген.

Бұл қалай жұмыс істейді

Реформаның мәні – Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымды құру. Енді кассадағы QR-код Ұлттық банктің бірыңғай стандарты бойынша қалыптастырылады.

Сатып алушы үшін:

Қай қосымшаны пайдаланатыныңыз маңызды емес (Kaspi, Halyk, BCC немесе Forte) – кез келген банктің сканері сатушының бірыңғай QR-кодын «оқи» алуы керек.

Бизнес үшін:

Клиентті жоғалтпау үшін бірнеше терминалды жалға алып, ақы төлеудің қажеті жоқ. Банкаралық жүйеге қосылған бір ғана құрылғы жеткілікті.

Заң қазірдің өзінде күшіне енді. 2026 жылы бұл жүйемен елдегі бүкіл банк жұмыс істейтін болады. Жүйе Central Asia Fintech Summit 2025 саммиті барысында іске қосылды. Бұл жүйеде әзірге Қазақстанның ірі 6 банкі бар. Олар: Halyk,, Freedom, RBK, Home Credit, БЦК, Altyn bank. Kaspi жалпыұлттық QR төлем жүйесіне 2026 жылдың алғашқы тоқсанының аяғына дейін қосылады.

Кім ұтады, кім ұтылады

Бұл реформа – ірі банктік экожүйелердің монополиясына тікелей соққы. Бұрын банктер бизнесті де, клиенттерді де өз «құмсалғышының» ішінде ұстап келді (Kaspi арқылы төлесең – тек Kaspi-терминалмен). Енді ойын ережелері өзгереді.

Жеке кәсіпкерлер үшін артықшылықтар

Жабдықты жалға алу мен комиссиялардан үнемдеу. Яғни, ең арзан қызмет көрсететін банкті таңдап, басқа банктердің клиенттерін жоғалтып алам ба деп алаңдамайсыз.

Жұмыс орнындағы тәртіп – пластик үйіндісінің орнына бір QR.

Тәуекелдер

Банктер клиенттердің «эксклюзивтілігін» жоғалтуды өзге тарифтерді (шотқа қызмет көрсету немесе ақылы аударымдар) көтеру арқылы өтеуге тырысуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық банкі ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымды іске қосатыны хабарланған болатын.

Айта кету керек, тұрақты интернеті жоқ аймақтарда бірыңғай QR талабы қолданылмайды. Сонымен қатар Үкімет алдағы уақытта жаңа талап міндетті болатын қызмет түрлерінің нақты тізбесін бекітеді.

Сондай-ақ оқыңыз