
Әлеуметтік желіде Daricorn лақап атымен танымал блогер Дариға Нұркеева шығарған ANDA-SANDA әні қызу талқылауға түсті. Тыңдармандар мен желі қолданушылары композицияның әуені үнді әншісі Karan Aujla-ның For a Reason атты әніне ұқсайтынын жазып жатыр.
Daricorn-ның ANDA-SANDA әні 2025 жылдың қараша айында YouTube платформасында жарияланып, аз уақыт ішінде 17 млн-нан астам қаралым жинап, хитке айналды. Ал аталған ұқсастыққа себеп болған үнді әншісі Karan Aujla-ның For a Reason бейнебаяны тамыз айында, яғни бұрынырақ жарық көрген.
Әлеуметтік желідегі пікірлерге қарасақ, екі әнді қатар тыңдаған қолданушылар әуендік мотивтерде айқын ұқсастық барын, тек аранжировка мен ырғақта аздаған өзгеріс енгізілгенін айтып отыр.
Daricorn-ның YouTube-тағы бейнебаянының астында үндістандық қолданушылар белсенді түрде пікір қалдырып, өз елінің орындаушысы Karan Aujla-ны белгілеп, әндердің ұқсастығына назар аударуды сұрап отыр.


Еске сала кетейік, бұған дейін Daricorn-ның балаға булинг жасаған видеоларының бірі қоғамда дау тудырған еді.