
Қазақстандық теннисші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.
Екінші кезеңдегі матчта Рыбакина Франция өкілі Варвара Грачевадан (WTA №77) басым түсті. Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:2 есебімен аяқталды.
Үшінші айналымда Еленаның қарсыласы Чехия теннисшісі Тереза Валентова (WTA №54) болады. Кездесу сенбі күні өтеді
Айта кетейік, Аустралияда Қазақстан атынан Александр Бублик, Юлия Путинцева және Анна Данилина да жарысты жалғастырып жатыр.