
23 қаңтарда Астана қаласының кейбір оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқитын болады, деп хабарлады елорда әкімдігі.
«2026 жылғы 23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, алдыңғы аптада күн күрт суытып, апта бойы елордалық және солтүстік өңірдегі оқушылар мен 9-сыныптан кейін колледжге түскен 1-2-курс студенттері онлайн оқуға мәжбүр болған.
Елорда мен солтүстік өңірлердегі ауа райы әлі де суық болып тұр. «Қазгидромет ақпаратына сүйенсек, елордада қар жауып, қатты жел соғып, температура бағаны -21…-22°C дейін төмендеуі мүмкін.