Энергетика министрлігі «Теңіз» кен орнындағы апатқа байланысты комиссия құрған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Энергетика министрлігі жағдайды бақылауға алды / Фото: tengizchevroil.com, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан үкіметі «Теңіз» кен орындағы трансформаторлардан неге өрт шығып, өндіріс тоқтағанын анықтау .үшін арнайы комиссия құрған.

Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің энергетика басқармасы, сондай-ақ «KEGOC» және «Теңізшевройл» компанияларының өкілдері кірген.

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев «Теңіз» кен орнына барып, жағдайды бақылау және кен орнындағы оператор компаниямен өзара іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта комиссия оқиғаның себептеріне жан-жақты техникалық талдау жүргізіп жатыр. Ресми қорытындылар мен түсіндірмелер комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланатын болады», – делінген хабарламада.

Мұнай өндірісін уақытша тоқтату туралы шешімді кен орнының операторы «Теңізшевройл» қызметкерлер мен жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.

18 қаңтарда «Теңіз» кен орнында өрт болып, соның салдарынан мұнай өндіру уақытша тоқтады. Мұнай өндірісі тек ақпан айында қайта жандануы мүмкін. Шетелдік басылымдар Қазақстандағы мұнай өндірісінің шектелуі әлемдік нарықта мұнай бағасының қымбаттауына ықпал етті деп жазады.

Сондай-ақ оқыңыз