
АҚШ-тың Украина жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Кит Келлог Давоста сөйлеген сөзінде соғыстың 24 тамызға дейін аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Униан ақпаратынша, ол үшін Украина қыстан аман өтуі тиіс. Келлог алдағы бірнеше ай шешуші кезең болатынын болжап отыр.
Арнайы өкіл Ресейдің стратегиялық мақсаттарына жете алмағанын атап өтті
«Маңызды қалаларды басып ала алмады және үлкен шығынға ұшырады. Сонымен қатар Путин соғыстан шығудың жолын іздеп жүр. Алайда жеңілісті ашық мойындауға дайын емес», – деп мәлімдеді Келлог.
Сондай-ақ ол бейбіт келіссөздер қазірдің өзінде соңғы сатысына жақындауы мүмкін екенін де жоққа шығармады.
Украина президенті Владимир Зеленский болса, Дональд Трамппен бүгін кездеспек.
Сосын ол форумда сөз сөйлейді.
«Трамп Украина аумағында бажсыз аймақ құру туралы айтқан еді, менің ойымша, бұл жағдайды түбегейлі өзгертеді. Өнеркәсіптің үлкен ауқымда осы өңірге көшкенін көресіздер. Елестетіп көріңіздер: тауарларды АҚШ-қа жеткізген кезде кедендік баж төлемей, бәсекелестерден озып шығу мүмкіндігі туады. Сондықтан біз өте ауқымды мәселелерді талқыладық», — деді АҚШ-тың арнайы елшісі Стив Уиткофф.
Мұның алдында Зеленский алдағы АҚШ-Украина келіссөздері туралы сөз қозғаған еді.