Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге қайтуға соңғы мүмкіндік берілді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтарға тағы ескерту жасады.

Екі ел арасында бұған дейін ерікті түрде елден шығу бағдарламасының уақытша шеңберін кеңейту жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізілген. Бұл шаралар құқықтық салдарды жеңілдетуге және өз мәртебесін реттеуге дайын адамдарды қолдауға бағытталған.

«Бағдарлама қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасына жататын, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетелдіктерге қолданылмайды. Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде беріледі», – делінген хабарламада.

Ведомство қазақстандықтарды шетелде тек заңды негізде жұмысқа орналасуға шақырады. Бұл заңсыз көші-қон, елден шығарып жіберу, айыппұлдар, құқықтық шектеулер және еңбек қанауы сияқты тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде 156,7 мың қазақстандық шетелде еңбек етіп жүр. Оның ішінде Оңтүстік Кореяда 15,2 мың адам бар. Оның он бір мыңы заңсыз жұмыс істеп жүргендер

Сондай-ақ оқыңыз