«Теңіз» кен орындағы өндірістің тоқтауы мұнай бағасын көтерді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Мұнай бағасы қымбаттаған/ фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстандағы «Теңіз» және «Королев» ірі мұнай кен орындарындағы өндірістің уақытша тоқтауы және Венесуэладағы экспорт көлемінің шектеулі қалпына келуі әлемдік нарықта мұнай бағасының қымбаттауына ықпал етті. Бұл туралы Reuters басылымы жазады.

21 қаңтардағы саудада Brent маркалы мұнай барреліне 65,24 доллар деңгейінде қалыптасып, 0,5%-ға қымбаттады. WTI маркалы мұнай бағасы 0,4%-ға қымбаттап, 60,62 долларды құрады.

Нарықтағы негізгі фактор – Қазақстандағы мұнай өндірісінің уақытша тоқтауы. Электр энергиясын тарату жүйесіндегі ақауларға байланысты «Теңіз» және «Королев» кен орындарында мұнай шығарылып жатқан жоқ. Сонымен қатар, «Теңіз» кен орнын игеріп отырған «Теңізшевройл» компаниясы Каспий құбыр консорциумы жүйесіне мұнай жеткізуге форс-мажор жариялады. Салалық дереккөз өндірістің тоқтауы 7–10 күнге дейін созылуы мүмкін екенін айтқан.

Логистикалық тәуекелдер де ұсынысқа қысым жасап отыр. Қара теңіздегі КҚК терминалында жабдықтардың зақымдануы экспорттық инфрақұрылымның уақытша шектелуіне алып келді. Осыған байланысты Қашаған кен орнынан өндірілген мұнайдың бір бөлігі ішкі нарыққа бағытталды.

Венесуэлада АҚШ-пен жасалған 2 млрд долларлық мұнай жеткізу келісіміне қарамастан, экспорт көлемінің қарқыны баяу.

Нарық қатысушылары АҚШ-тағы мұнай қоры жөніндегі деректерді күтіп отыр. Алдын ала бағалауларға сәйкес, шикі мұнай мен бензин қорының өсуі мүмкін, ал дистиллят қорының қысқаруы ықтимал. Бұл көрсеткіштер қысқа мерзімді баға динамикасына әсер етуі мүмкін.

Халықаралық энергетика агенттігі 2026 жылға арналған әлемдік мұнайға сұраныс өсімі жөніндегі болжамын қайта қарап, жоғары деңгейге түзетті. Агенттік бағалауы бойынша, 2026 жылы нарықтағы артық ұсыныс көлемінің азаюына ықпал етуі мүмкін.

18 қаңтар күні «Теңізшевройл» нысанындағы газ электр станциясында трансформатор өртеніп, соның салдарынан «Теңіз» және «Королев» кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылған. Бұл оқиға экспортқа тікелей әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыз