Жаңалықтар

Қаскелеңде 9-сынып оқушысы сабақ кезінде көз жұмды

Фото: ашықдереккөз

Қаскелең қаласындағы Сәтпаев атындағы мектепте 9-сынып оқушысы қайтыс болды. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады.

Қарасай ауданының білім бөлімінің мәліметінше, 15 жастағы оқушы бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде өзін жайсыз сезінген. Мектеп әкімшілігі жедел жәрдем шақырып, баланың туыстарына хабар берген. Дәрігерлер жүргізген реанимациялық шараларға қарамастан, жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болмаған.

Оқиға орнына медицина қызметкерлерімен бірге жергілікті атқарушы орган өкілдері де келген. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.