Қарағандыда дүңгіршек жарылды: үш адам реанимацияға түсті

Жарияланды (жаңартылды )
​​General news бөлімінің тілшісі
жедел жәрдем
Қарағандыда дүңгіршек жарылды: үш адам реанимацияға түсті / Фото: Shuttertsock

22 қаңтарда Қарағанды қаласының тұрғындары жарылыс даусын естіп, Ермеков көшесі, 81 мекенжайындағы фастфуд павильонындағы жарылыс куәсі болған. Бұл туралы жергілікті басылым жазады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке тұрған кафе-дүңгіршекте сыйымдылығы 17 литр тұрмыстық баллон жарылған. Кейін 30 шаршы метр аумақта өрт шығып, күйіктен төрт адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірілді.

Өрт сөндірушілер дүңгіршектен әрқайсысының сыйымдылығы 27 литр болатын екі газ баллонын алып шықты.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіледі.

Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, үш пациент реанимацияға жатқызылды, олардың жағдайы ауыр. Тағы біреуі – комбустиология бөлімінде ем алады, орташа күйік шалған.

Сондай-ақ оқыңыз