Қазақ-қытай шекарасына жақын маңда жер сілкінді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жер сілкінісі Рихтер шкаласы
фото: shutterstock

22 қаңтарда Астана уақытымен сағат 12:03-те Қытайдың Шыңжаң өлкесінде жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ ұлттық деректер орталығы мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Қазақстандағы сейсмикалық станциялар тіркеген мәліметтерге қарағанда, жерасты дүмпуінің магнитудасы 4.3 балл болған. Жер сілкінісі Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесінің аумағында болған.

жер сілкінген орын Қытай карта Қазақстан Қырғызстан
фото: Google map

Ұлттық орталық дүмпу ошағы орналасқан жердің координаттарын жариялады. Ол қазақ-қытай шекарасына шамамен 140-160 км, Алматы қаласына шамамен 270-280 км жерде орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы маңда 2025 жылғы 4 желтоқсанда жер сілкініп, оның тербелісін Алматы қаласының тұрғындары да сезген. Сол күні мегаполисте дабыл қағылып, қала халқы сыртқа шыққан.

Бұл уақытта Қазақстанда сейсмикалық қауіпсіздік талаптары күшейтіліп жатыр. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Оған Алматы қаласы, сонымен бірге Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстары да кіреді. Маңғыстау өңірінде де сейсмикалық белсенділік жиі байқалады

Сондай-ақ оқыңыз