
Әлемге танымал әнші, актриса Дженнифер Лопес Лос-Анджелесте көзге түсті. Бір қолында кофе, екінші қолында 80 мың долларлық Hermès брендінің сәнді сөмкесі бар Джей Лоға үйсіз-күйсіз жүрген қайыршы келіп көмек сұрады.
Кездесуден шығып келе жатқан Джей Ло қайыршының қолын қайтармады.
«О, сене алар емеспін! Джей Ломен кездескенімді бәріне айтып жүремін» – деп қайыршы қуанышын жасыра алмады.
Дженнифер Лопес көлікпен кетіп бара жатып, терезесінен адамға ақша ұсынды.
«Дженнифер, мен сені сүйемін. Рақмет саған, Дженнифер!» – деп айқайлады артынан.
Еске сала кетейік, әлемге танымал әнші Дженнифер Лопес 2025 жылдың тамыз айында Астана мен Алматыға жеке концертімен келген. Алматыдағы өткен концерті Джей Ло үшін ерекше есте қалған еді.