СҚО-да өрттен қайтыс болған қыздың анасы қамауға алынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қылмыстық іс қозғалды/фото: shutterstock

Солтүстік Қазақстанда өрт кезінде қайтыс болған 5 жасар қыздың анасы қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

Айта кетейік, 8 қаңтарда Ольшанка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына келгенше үй толық өртеніп, шатыры құлап кеткен. Өртті сөндіру кезінде үйдің ішінен кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылған.

Содан кейін ересектер бес жастағы қызды үйде жалғыз қалдырып, есікті құлыптап кеткені айтылды. Қыздың қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды.

«Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы мен бөлшегін анықтауға бағытталған тергеу және процестік іс-шаралар кешенін жүргізіп жатырмыз», – деп хабарлады жергілікті полиция.

Бұған дейін Kursiv.Media кейінгі жылдары өрттен қайтыс болған балаларға қатысты ақпаратты топтастарды. 

Сондай-ақ оқыңыз