Жаңалықтар

Сейсмикалық қауіпсіздік талаптары күшейтіліп жатыр

сейсмикалық қауіпсіздік
коллаж: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстанда сейсмикалық қауіп-қатерлерді төмендету бойынша жаңа талаптар енгізіліп жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бес түрлі ережені атады.

Мекеменің мәліметінше, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар бекітіледі:

  • жобалау кезінде сейсмооқшаулаушы жүйелерді қолдану;
  • құрылыс барысында сейсмикалық қауіп пен тәуекелді бағалау;
  • конструктивтік жүйелердің сейсмотөзімділігіне міндетті түрде сынақ жүргізу;
  • сейсмикалық қауіпті аймақтардағы тұрғын және қоғамдық ғимараттар қорын паспорттау;
  • I деңгейдегі жауапкершілікке жататын нысандарға инженерлік-сейсмометриялық станциялар орнату;
  • сейсмикалық факторларды ескере отырып, құрылыс салуға ең қауіпсіз алаңдарды таңдау.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Оған Алматы қаласы, сонымен бірге Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстары да кіреді. Маңғыстау өңірінде де сейсмикалық белсенділік жиі байқалады.