Тоқаев Трамп құрған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
22 қаңтарда Давос форумында «Бейбітшілік кеңесі» таныстырылды. Ұйым жарғысына қол қою рәсіміне Қазақстан президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты. Олардың арасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан да бар.

Трамп «Бейбітшілік кеңесі» жұмыс істеуге кіріскенін, тіпті «керемет жұмыс істеп жатқанын» мәлімдеп үлгерді.
«Шынымды айтсам, осы топ маған ұнайды. Олардың әрқайсысы көңілімнен шығады. Тексергіңіз келе ме? Маған ұнамайтын екі-үш адам адам бар. Мен оларды мұнда көріп тұрған жоқпын», – деп мәлімдеді америкалық президент. АҚШ үй басшысының сөздерін CNN таратты.
Телеарнаның мәліметінше, ұйым құрамына АҚШ-тың еуропалық одақтастарының бірде-бірі енген жоқ.

Бұған дейін Трамп кеңес құрамына кіретін ұйымдар 1 млрд доллар төлеу керек деп мәлімдеген.