Жаңалықтар

Уролог-андролог төсек ләззатын алғысы келген әйелдерге тоғыз кеңес берді

Уролог-андролог төсек ләззатын алғысы келген әйелдерге күйеуін қалай тамақтандыру керек екені жайында тоғыз кеңес берді.

Дәрігер Марк Гадзиян ханымдарға еріне дастарқан жайғанда, бірнеше өнімнен мүлде бас тартуға шақырып отыр.

«Ер адамды осы нәрселермен тамақтандырасыз ба? Онда қызығушылықтың төмендеуін және эрекцияның әлсіреуін күтіңіз», – деп тұжырым жасайды дәрігер.

Біріншісі – тұз. Оның шамадан тыс мөлшері қауіпті. Мысалы, консервілерге жолауға болмайды. Өйткені тұз ағзада жиналып, қан тамырларында тромбтардың түзілуіне және тіндерде артық сұйықтықтың жиналуына әкеледі. Қан қысымын көтеріп, тестостерон концентрациясын төмендетеді.

Екіншісі – сыра. Бұл сусын – ароматаза мен эстрогендерге бай. Ағзаның тестостеронын азайтады және жыныстық құмарлықтың жоғалуына ықпал етеді. Сондай-ақ висцералды семіздікке апаратын тікелей жол.

Үшіншісі – қант. Оның артық мөлшері инсулиннің бөлінуін арттырады. Ал ол тестостерон деңгейін төмендетеді. Жылдам көмірсулар бірден висцералды майға айналады.

Төртіншісі – холестерині көп майлы тағамдар. Қан тамырларында атеросклероздың пайда болуына және соның салдарынан эрекцияның нашарлауына себеп болады.

Бесіншісі – кофе. Кофеинді көп мөлшерде тұтыну бос тестостерон деңгейін төмендетеді.

Алтыншысы – соя. Оны көп мөлшерде қолдануға болмайды. Құрамында фитоэстрогендер бар. Тестостеронды азайтады.

Жетіншісі – ақ ашытқылы нан, түрлі тоқаштар мен тәтті бәліштер.

Сегізіншісі – қақталған өнімдер. Дастарқанға мүлде қоймаған абзал.

Тоғызыншысы – чипсы. Оның құрамында дәм күшейткіш натрий глутаматы  көп. Бұл тәуелділік тудырады. Жиі қолдану жүйке жүйесінің бұзылуына, ми қызметінің зақымдануына және эректильді дисфункцияға әкелуі мүмкін.

«Өзім бұл тізімнен нанды жеймін. Бірақ өте сирек. Күніне 1–2 шыныаяқ кофе ғана ішемін. Сыраны мүлде қойдым», – деп жазды дәрігер.

Мұның алдында дәрігерлер қуырылған немесе қайнатылған жұмыртқаны көп тұтыну  атеросклероздық өзгерістердің үдеуіне ықпал етуі мүмкін екенін ескерткен.