Lifestyle

Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын қызды болды

Альмира Тұрсын босанды / фото: instagram

Режиссер Ақан Сатаев пен актриса Альмира Тұрсын қызды болды. Қуанышты жаңалығын актриса әлеуметтік желіде жариялап, дүниеге келген қызының есімін Айя-Сафия деп қойғанын хабарлады.

«Біздің қызымыз дүниеге келді – Айя-Сафия! Менің арманым, дұғам, Жаратқанның жауабы мен сыйы! Аллаға шүкір» – деп жазды актриса.

Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелінің мәлімдемесі

Айта кетейік, бұған дейін Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Назира Бақаева 25 жылдық некеден кейінгі ажырасуға актриса Альмира Тұрсынның қатысы бар екенін айтып, сұхбат берген еді.

Алайда, Ақан Сатаев бұл пікірді жоққа шығарып, ажырасуға Альмира Тұрсынның ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Режиссер бұрынғы некесі ресми түрде бұзылғаннан кейін, араға бес жыл уақыт салып Альмира Тұрсынға үйленгенін мәлімдеген.