
АҚШ жыл соңына дейін Куба билігін ауыстыруды көздеп отыр. Президент Дональд Трамптың командасы қазірдің өзінде әрекетке көшкен.
The Wall Street Journal хабарлауынша, АҚШ Куба билігіне жақын адамдарды іздестіріп жатыр. Олармен 2026 жылдың соңына қарай режимді құлату жөнінде келісім жасамақ. Басылымға бұл туралы дереккөздері хабарлаған.
АҚШ әкімшілігі Куба экономикасы күйреудің алдында тұр деп есептейді. Ал билік Николас Мадуро сияқты маңызды одақтастан айырылғаннан кейін әлсіреп кеткен.
Десе де, Ақ үйде Кубаның коммунистік үкіметін құлату жөнінде нақты жоспар жоқ. Бірақ Мадуроны тұтқындау және одан кейін Венесуэладағы биліктің қалған өкілдерінің жасаған ымыралары Гавана үшін үлгі әрі ескерту болуға тиіс.
Ақ үйдің кейбір өкілдері Дональд Трамп бұрын қолданылған режим ауыстыру стратегияларын қабылдамайтынын, оның орнына мүмкін болған жерде келісімдер жасауға ұмтылатынын мәлімдеген. Алайда Венесуэлада іске асқан билік ауыстыру үлгісі Кубада қайталау анағұрлым күрделі болуы мүмкін.
Куба үкіметін құлату тұрақсыздық пен гуманитарлық дағдарыс қаупін тудырады. Сондықтан Трамп өзіне адал саясаткерлерді қызметінде қалдырған.
АҚШ әкімшілігі Кубаны әлсірету үшін оған Венесуэладан жеткізілетін мұнайды тоқтатпақ. Сондай-ақ Вашингтон Гавана үшін валюта түсімінің негізгі көзі – шетелдегі кубалық медициналық миссиялардың жұмысын шектеуді жоспарлап отыр. АҚШ бұл бағдарламаларға ықпал ететін кубалық және шетелдік шенеуніктерге виза беруге тыйым салуы мүмкін.
Мұның алдында Трамп Украинаға кедендік бажсыз еркін сауда аймағын ұсынды.