Аяз Атаның ауылында бес киіз үй тігілді

Скандинавия түбегінде орналасқан Санта-Клаустың отаны – Лапландияда киіз үйлер қалашығы бой көтерді. Кәсіпкер Қамшыбек Замирбеков бұл туралы видео жариялады.
Ол – күйіз үй шығаратын «Этноюрта» компаниясының негізін қалаушы. Қырғызстан азаматы. Бұл киіз үйлерді шетелдік тапсырыс берушілер де сатып алады. Түркия, Канада және басқа да елдерде кеңінен танымал.
Былтыр ол жаңа тапсырыс алып, Лапландиядағы қалашық үшін бес киіз үй дайындаған.
«Маған туристік бизнес иесі хабарласты. Ол өз аумағында ұлттық нақыштағы ерекше, ыңғайлы, жылы әрі әсем баспаналар болғанын қалады. Біз командамен бірге әлемдегі ең суық өңірлердің бірінде жайлы өмір сүруге болатын киіз үйлерді дайындадық. Оларды Лапландияда өз қолымызбен орнатып, ішін ұлттық стильде, сапалы, экологиялық таза әрі жылу сақтайтын материалдарды пайдалана отырып жабдықтадық», – деді ол.
Кәсіпкер қатал климаттық жағдайларда жұмыс істеу оңай болмағанын, алайда команда бұл сынақты еңсере алғанын айтты.
Оның сөзіне қарағанда, киіз үйлер әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристерге арналған хостел ретінде пайдаланылатын болады.
Қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының киіз үй дайындау және тігу өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енген.