Жаңалықтар

Бокс федерациясы Серік Сәпиевке қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевке қатысты жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Федерацияның хабарлауынша, қандай да бір спорттық регалиялар, атақтар мен өткен жетістіктер физикалық қысым көрсетуге немесе зорлық-зомбылық жасауға негіз бола алмайды. Ұйым кез келген лауазым иесіне, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер мен спорт ұйымдарының басшылығына қатысты күш қолдану немесе қорқыту әрекеттері жол берілмейтінін атап өтті. Мұндай іс-әрекеттер билік пен басқару институттарына, сондай-ақ қоғамдық тәртіпке қол сұғу ретінде бағаланады.

Сондай-ақ федерация спорт саласындағы жария тұлғалардың жоғары әлеуметтік және саяси жауапкершілікке ие екенін еске салды. Олардың мінез-құлқы қоғамға, әсіресе жастарға үлгі болатыны айтылды. Агрессия мен қысым, қандай мәртебе мен жетістікке қарамастан, құқықтық мемлекет қағидаттарына қайшы екені баса көрсетілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевті өзінің орынбасары Дәурен Есімханов ұрған. Ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.