Доллар 500 теңгеге дейін төмендеп келеді

Жарияланды 23 Қаңтар 2026 19:00

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Доллар 500 теңгеге дейін төмендеп келеді / Фото: Shutterstock

23 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңге бағамы долларға шаққанда 503,5 теңгені құрады. Ұлттық валюта 2 теңгеге нығайды. Бұл туралы KASE биржасының деректерінде жазылған.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 503,5 теңгеге немесе 0,4% төмендеді. Бұл 29 желтоқсаннан бергі ең төменгі көрсеткіш. Теңге 16 қаңтардан бастап нығайып келеді.

Тәулік бойына сауда-саттық барысында ең төменгі баға 502,35 теңгені, ал ең жоғары баға – 504,9 теңгені құрады. Сауда көлемі 329,2 млн долларды құрады.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде – 18% сақтап қалды. Баспасөз мәслихаты барысында осы шешім жарияланғаннан кейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов АҚШ доллары бағамының 1500 теңгеге дейін өсу ықтималдығын мүмкін емес деп санайтынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз