
23 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңге бағамы долларға шаққанда 503,5 теңгені құрады. Ұлттық валюта 2 теңгеге нығайды. Бұл туралы KASE биржасының деректерінде жазылған.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 503,5 теңгеге немесе 0,4% төмендеді. Бұл 29 желтоқсаннан бергі ең төменгі көрсеткіш. Теңге 16 қаңтардан бастап нығайып келеді.
Тәулік бойына сауда-саттық барысында ең төменгі баға 502,35 теңгені, ал ең жоғары баға – 504,9 теңгені құрады. Сауда көлемі 329,2 млн долларды құрады.
Айта кетейік, 23 қаңтарда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде – 18% сақтап қалды. Баспасөз мәслихаты барысында осы шешім жарияланғаннан кейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов АҚШ доллары бағамының 1500 теңгеге дейін өсу ықтималдығын мүмкін емес деп санайтынын айтты.