Жаңалықтар

Хайп па, ақшамен «жабылған» айып па: Қалаулым қатысушысының әйелі ашуға мінді

Бауыржан Зорбай
Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Күні кеше экс-қалаулымдық Бауыржан Зорбайдың отбасына опасыздық жасағаны туралы жаңалық желіде қызу талқыға түскен еді. Айман Әбдіреева есімді қолданушы үш жылдан бері отбасылы еркекпен көңіл қосып жүргенін мойындаған болатын. Дегенмен артынша Зорбай да, Әбдіреева да мұны «хайп» деп жаппақ болды.

Ақшаға сатылған «шындық»

Басында Әбдіреева ақылы телеграм-арна ашып, бүкіл шындықты сол жаққа жайып салатынын айтқан еді. Жабық арнаға қосылғысы келген адам 1590 теңге төлеуі керек деген шарт қойды. Артынша сол каналға қосылғандар ол жақтағы жазбаларды тарата бастады. Оның ішінде жасырып жүрген қарым-қатынасын неге айтамын деп шешкенін түсіндірген.

«Себебі бізде осы кезге дейін, соңғы бір айға дейін еркін қарым-қатынас болды. Ол үйленген, менің басым бос. Мен оған ажырас деп айта алмаймын, айтамын деген де ой болған жоқ. Себебі өз басымнан өтті. Әйеліне қаншалықты қиын болатынын білемін. Соңына дейін көріме жасырып, алып кетемін деген ой болған. Еркін қарым-қатынас болғасын мен біреумен жүрсем болады. Естеріңде болса, бетін жасырып сақалды жігітті салып жүрдім. Сонымен қайиа сөйлесіп, шығып жүрдім. Көңілдесім оны білді, үндемей қарап отыра беретін», –  деген жазбалар болған. 

Оған қоса тікелей эфирге де шығып, сол жерде екеуінің жүргенін ашық айтып отырған. Бірақ араға аз уақыт салып, «мұның бәрі хайп болған еді» деп айтқан. Зорбай бірнеше рет «мен жеңілдім», «отбасымнан айырылдым» деп stories салып, қайта өшіріп тастаған. Бүкілін жай ғана ұйымдастырылған дүниеге балап, ақылы канал арқылы ақша жинап алған Әбдірееваға оқырман шүйлігіп, ақшаны қайтаруын сұрап жатыр. Бірақ желі қолданушысы ақшаны қайтармайтынын, қайырымдылыққа беретінін кесіп айтты.

Хайпты екі адам ойластырып жасайды

Ал Бауыржан Зорбайдың заңды әйелі Назгүл Қожахметова болса, хайп жасаған екеуге қатты ашуланды.

«Бір әйел отырып алып менің отбасыма тиіседі екен. Мені таңғы бесте адамдар оятады екен. Қыздарым күні бойы жылайды екен. Менің жағдайым не болғанын айтпай-ақ қояйын. Онсыз да түсінікті. Сөйтіп менің реакциямды көргісі келеді екен. Кешке отырып хайп дей сала ма? Хайпты екі адам ойласып жасайды. Ал мынадай хайп жасау үшін адамның есі сау емес болуы керек шығар. Хайп керек болса көрсетемін сендерге. Ақшаны басқа адал жолмен де табуға болады, біреудің отбасын бұзбай», – деген жазба қалдырды парақшасына.

Оқырман бұған қатысты түрлі болжам жасап жатыр. Соның ішінде Айман Бауыржанды бопсалап, ақша талап еткен болуы мүмкін деседі.

«Ақшаны алып алғаннан кейін, жылы жабу үшін хайп дей салды», – деп жазып жатыр желі қолданушылары.  

Естеріңізге сала кетсек, үш баласы бар Бауыржан Зорбайдың басқа келіншекпен көңіл қосқаны туралы жазған едік.