Жаңалықтар

Мас болып көлік айдаған судья Әсел Досаева қызметінен босатылды

Оқиға 2025 жылдың қарашасында болған/фото: shutterstock

Мас болып көлік айдаған судья Әсел Досаева қызметінен босатылды. Бұл туралы Жоғары сот кеңесі хабарлады.

Кеңес жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысында 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ішінде төртеуі сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзуға жол берген. Үшеуіне ескерту жасалды, бір судья сөгіс алды.

Тағы екі судья әдеп талаптарын бұзған. Екеуі де қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Әсел Досаева Астанадағы Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы болған. 2025 жылдың қарашасында полиция рейд кезінде Mazda маркалы көлікті тоқтатқан. Ал жүргізушінің мас екені сараптама арқылы расталған.

Содан кейін ІІМ судьяның жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенін хабарлаған.