ҚМГ мен «Қазатомөнеркәсіп» акциялары Ұлттық қорға қанша табыс әкелді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Business News бөлімінің редакторы
Қос компания акцияларына қанша пайда түсті / Фото: kursiv.media, бильд-релактор Ахтам Зиперов

«ҚазМұнайГаз» бен «Қазатомөнеркәсіп» компанияларының акциялары Ұлттық қорға қомақты табыс алып келген. Бұл туралы брифинг барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді,

Алайда бас банкир қос компанияның акциялары қанша табыс әкелгенін нақтыламады.

«ҚМГ мен «Қазатомнеркәсіп» акциялары сатып алынғалы бері Ұлттық қордың басқарушысы – Ұлттық банкке жақсы табыс алып келді. Бұл сәттті инвестиция болды деп ойлаймыз», – деді Сүлейменов.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта Ұлттық қор активтеріне өтімділігі жоғары акцияларды сатып алу жоспарланып отырғанын айтты. Қазіргі кезде бұл мәселе үкіметпен келісіліп жатыр. Бас банкирдің айтуында, қордағы 3,5 млрд долларға өтімді компания акциялары сатып алынуы мүмкін. Осылайша қордың инвестициялық портфелінде акциялардың үлесі артады.

2023 жылы Ұлттық қордың ақшасына 1,3 трлн теңгеге «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының 20% акциясы сатып алынған. Ал 2024 жылы Ұлттық банк Ұлттық қордың 467 млрд теңгесіне «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының 12,01% акциясын алғаны белгілі.

Сарапшылар сол кезде Ұлттық қор қаржысына ҚМГ акцияларын сатып алуды «күмәнді инвестиция» деп атап, қор қаржысын оңды-солды шаша бермеуге шақырған.

Сондай-ақ оқыңыз