Өзбекстанда рәміз бейнеленген киім киген модельге айыппұл салынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шахризода Мадаминова / фото: instagram
Шахризода Мадаминова / фото: instagram

Өзбекстан атынан алғаш рет «Мисс Жер» байқауына қатысқан 21 жастағы модель Шахризода Мадаминоваға айыпұл салынды.

Gazeta ақпаратына қарағанда, бұған байқауға арнап тігілген мемлекеттік ту мен елтаңба элементтері қолданылған киім кигені түрткі болған.

Оның үстінен бір жас жігіт шағым түсірген. Қыздың айтуынша, сотта оған Instagram желісіндегі аккаунтын өшіруі мүмкін екенін де ескерткен. Бұл жағдай қоғамда үлкен дүмпу тудырды.

«Ұлттық киім ретінде не ұсынатынымды ұзақ ойладым. Байқауға бір апта қалғанда өз идеямды дизайнерге айттым, ол екі күннің ішінде оны мен ойлағаннан да жақсы етіп дайындап шықты», – деді модель.

Байқау өткен жылдың 28 қазанында Филиппин астанасы Манилада өткен. БҰҰ қамқорлығымен ұйымдастырылатын конкурс қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударуды мақсат етеді.

Байқауға қатысқаны туралы Шахризода Мадаминова Instagram желісінде жазба қалдырған. Онда оның жарты миллионға жуық жазылушысы бар.

«Біз 100 елден келген қатысушылармен әртүрлі шарттар бойынша сайысқа түстік. Бүгін әр елдің өкілі ресми ұлттық киіммен танымал ән немесе би орындады», – деп жазған еді ару.

Ол бұған дейін «Мисс Өзбекстан» және «Мисс Азия» байқауларына да қатысқан.

Ал Қазақстанда мемлекеттік рәміздер туралы заңға өзгеріс енгізілмек.

Сондай-ақ оқыңыз