Прокуратура әкесін ұрған азаматтың жазасын қатаңдатуды сұрады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Прокуратура әкесін ұрған азаматтың жазасын қатаңдатуды сұрады / Фото: видеодан скриншот/ https://t.me/saryagashinform/3

Түркістан облысы Шардара аудандық прокуратурасы Қоссейіт ауылында мүгедек әкесін ұрған азаматқа қатысты Жетісай аудандық сот шығарған үкіммен келіспей, апелляцияға берді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

«Түркістан облысында Жетісай аудандық сотының 16.01.2026 жылғы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соққан ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен келіспей, Шардара ауданының прокуратурасы жазаны қатаңдату туралы өтінішпен апелляциялық наразылық келтірді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Ақпаратқа сүйенсек, наразылықты сот заңда белгіленген мерзімде қарайтын болады.

Айта кетейік, Шардара ауданы Қоссейіт ауылында 42 жастаға Алмас Садақбаев мүгедек әкесін үйдің ауласында ұрып-cоққан видео тараған. Полиция іс қозғап, іс сотта қаралған. Жәбірленуші ретінде Алмас Садақбаевтың туған інісі Батыр Садақбаев танылған. Айыпталушы ісі Қылмыстық кодекстің «Қинау» бабы және «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабымен тіркелген.

Сот отырысында желіде тараған видеоны ер адаммен көрші үйдің қыздары түсіріп алғаны белгілі болды. 

Сондай-ақ оқыңыз