Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланды 23 Қаңтар 2026 12:31

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Шарлапаев » Атамекен» төрағасы болды / Фото: Асқар Ахметуллин, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қанат Шарлапаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы болып сайланды. Бұл туралы палатаның XIII съезінде ресми түрде жарияланды.

Шарлапаев 2025 жылдың ақпанынан Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды. Қыркүйек айында бұл қызметінен босатылған. Қазан айында «Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесінің құрамынан шықты.

Ал оған дейін ҚР Өнеркәсіп министрлігін басқарған. Сондай-ақ, «Самұқ-Қазына» және «Бәйтерек» компанияларында директор қызметін атқарған тәжірибесі бар.

Ол Райымбек Баталовтың орнына келді. Баталов «Атамекен» президиумының төрағасы қызметін 2022 жылдан бері атқарып келген.

Сондай-ақ оқыңыз