
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды KursivMedia.
Министрліктің мәліметінше, 2025 жылы республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 368,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 856,6 млрд теңге бөлінді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 491 мың адам.
«Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 2025 жылы 143 143 теңгені құрады, ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 549 теңге, базалық зейнетақы – 47 594 теңге», – деп хабарлады министрлік.
Айта кетейік, 2025 жылдың 1 желтоқсанда зейнетақының орташа мөлшері 142 669 теңгені құрады, ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 096 теңге, базалық зейнетақы 47 573 теңге болды.
Бұған дейін 2026 жылы мемлекеттік базалық зейнетақының ең төмен мөлшері 35 596 теңге болатыны айтылды.
Зейнетақы қазақстандықтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне байланысты өседі:
- 15 жыл еңбек өтілі барлар – 40 680 теңге;
- 30 жылдан көп еңбек өтілі барлар – 55 936 теңге максималды базалық зейнетақы алады;
- Ең төменгі зейнетақы 69 049 теңге болды.
2026 жылы зейнет жасы өзгеріссіз қалды:
- Ерлер – 63 жас,
- Әйелдер – 61 жас.