
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев орынбасары Дәурен Есімхановтан «таяқ жеді» деген ақпарат қатысты мәлімдеме жасады.
Сәпиевтің сөзінше, ол мемлекеттік қызметкер этикасын сақтау үшін әрі арандатушылыққа жол бермеу үшін рингтен тыс ешкімге қолданған емес.
«Әлеуметтік желі мен БАҚ-та тарап жатқан жағдайға қатысты. Мен мемлекеттік қызметшімін және өз міндеттерімді орындау кезінде мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтаймын. Бала кезімнен жаттықтырушылар мені рингтен тыс жерде күш қолданбауға үйретті. Өз күшімді жақсы бағалаймын, барлық әрекеттерім үшін жауапты екенімді білемін. Сондықтан арандатушылыққа жол бермеймін. Әңгіме осымен тәмам», – деп жазды Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін желіде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті орынбасары Дәурен Есімханов ұрып-соққан деген ақпаратпен бейне жазба жария болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кейіннен Қазақстан бокс федерациясы мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, мемлекеттік қызметшілер мен спорт ұйымдарының басшылығына қатысты күш қолдану немесе қорқыту әрекеттеріне жол берілмейтінін атап өткен.