Серік Сәпиев пен орынбасарының төбелескен видеосы тарады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: скрин

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы төбелеске қатысты видео тарады.

Видеода Серік Сәпиев орынбасары самбодан әлем чемпионы Есімхановпен жаға жыртысып, кабинеттен шыққаны көрініп тұр.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбаған.

Сондай-ақ оқыңыз