Табиғатты қорғаудан гөрі құртуға 30 есе көп қаржы жұмсалады – БҰҰ

Табиғатты жоюға әкелетін қызмет түрлеріне салынатын инвестиция табиғатты қорғау шараларына бөлінетін қаржыдан 30 есе көп.
Бұл туралы БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының жаңа баяндамасында айтылған.
Баяндама 2023 жылғы деректерге негізделген. Авторлардың мәліметінше, табиғатқа зиян келтіретін қызметке байланысты қаржылық ағындардың жалпы көлемі 7,3 трлн доллар болып отыр. Оның 4,9 трлн доллары – жеке капитал инвестициялары. Негізінен олар коммуналдық қызметтер, өнеркәсіп, энергетика және шикізат өндірісі сияқты салаларда шоғырланған.
Тағы 2,4 трлн доллар – қазба отын өндіруге, құрылысқа, экологиялық таза емес көлік түрлерін пайдалануға, сондай-ақ табиғатқа зиян келтіретін ауыл шаруашылығы мен су пайдалану әдістеріне берілетін мемлекеттік субсидиялар.
Ал 2023 жылы табиғатты қорғауға бағытталған шешімдерге бар болғаны 220 млрд доллар ғана инвестицияланған. Бұл қаржының шамамен 90%-ы мемлекеттік көздерден түскен.
ЮНЕП есептеуінше, мұндай шешімдерге салынатын инвестиция көлемін кемінде 2,5 есе арттырып, жылына 571 млрд долларға жеткізу қажет. Бұл – әлемдік жалпы ішкі өнімнің небәрі 0,5%-ы.
Айта кететін жайт, Өскеменде ауа сапасын бақылау жүйесіне жарты миллиард теңге жұмсалмақ