Айдана Меденова хиджабты не үшін шешкенін түсіндірді

Жарияланды 24 Қаңтар 2026 00:54

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Айдана Меденова хиджабты не үшін шешкенін түсіндірді / Фото: BNmuzic

Kesh You тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова өзінің хиджабты не үшін шешкенін түсіндірді. Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанның Talk Like бағдарламасында айтты.

Әншінің айтуынша, ол ұзақ аурудан кейін әкесі қайтыс болғаннан кейін күзеліске ұшыраған. Бұл оның хиджаб тағуына бір себеп болған. Алайда ол хиджаб тақпастан бұрын 4 жыл намаз оқып келгенін және ешқандай діни топқа кірмегенін, намазды өзі үйренгенін баса айтты. Оның жақындары хиджаю киюне, өнерден кетуіне қарсы болған.

Меденова намазға бет бұрғанда араб жазуларын үйреніп, бір жыл ішінде араб тілін түсіне бастаған. Содан кейін иман жолына түсу үшін дінді зерттеген, Құран Кәрімді оқып үйренген.

Дегенмен ол өзінің бірнеше ай бұрын орамалын шешкенін айта кетті. Басты себеп сахнаға қайта оралсам деген ниет болған.

«Мен өзімді шынайы әлсізбін деп атсам болады. Мен әлсіздік таныттым. Мен өнерге әлсізбін, өнерге құмармын. Маған өнер тағы да басқа эмоциялар беретінін түсіндім. Адам да нәпсі деген бар. Өмірде әртүрлі кезеңдер болады. Қазіргі кезеңде маған өнер керек болып тұр», – деді әнші.

Ол намазды тастамағанын атап өтті. Өнердегі гештальты жабылғаннан кейін орамалға қайтып оралуы мүмкін екендігін де жоққа шығармады. Себебі хиджабпен жүрген өзіне қолайлы екенін де айта кетті.

Сондай-ақ оқыңыз