Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ауа сапасы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, 2026 жылғы 24 қаңтарда еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды. Олар: Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Орал, Ақтөбе және Алматы қаласы.

Ауаның ластануына желдің тым әлсіз болуы, тұман, температуралық инверсия сияқты факторлар әсер етеді.

Мұндай кезде зиянды заттар атмосферада таралмай, жерге жақын қабатта жиналып қалады. Соның салдарынан ауа сапасы төмендеп, адам денсаулығына қауіп артады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ашық ауада жүру уақытын қысқарту керек. Әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында абай болған жөн. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту қажет.

Айта кетейік, 18 қаңтарда да Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз