Ресей, АҚШ және Украина Абу-Дабиде бейбітшілік шартты туралы келіссөзді бастады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
переговоры по Украине
Ресей, АҚШ және Украина Абу-Дабиде бейбітшілік шартты туралы келіссөзді бастады / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

23 қаңтарда Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ делегацияларының қатысуымен үшжақты келіссөздер басталды. Кездесулер жабық режимде өтеді және екі күнге созылады, деп хабарлайды БАӘ Сыртқы істер министрлігі.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, кездесу өткізу халықаралық қоғамдастықтың осы елдің «жауапты және сенімді делдал» ретіндегі рөліне деген сенімін көрсетеді. Сыртқы істер министрі және вице-премьер Шейх Абдалла бин Заед Аль Нахаян «қақтығысты тұрақты шешуге тек диалог пен деэскалация арқылы қол жеткізуге болатынын» атап өтті.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы келіссөздер жанжалды тоқтату бойынша нақты қадамдарға алып келеді деген үмітін білдірді. Ол, сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трампқа келіссөздер процесін бастауға күш салғаны үшін алғыс айтты.

Осыған дейін қаңтардың ортасында Украина делеагациясы Ақ үйге барып, АҚШ тарапымен кездесу өткізген еді. 

2025 жылдың соңында Украина президенті Владимир Зеленский Трамппен елдің қауіпсіздік кепілдігі бойынша кездесудің нәтижелері туралы айтты. Тараптар болашақ бейбітшілік келісімінің шарттарының шамамен 95% келісті. Бірақ Донбасс аймағының мәселесі шешілмеген. 

Сондай-ақ оқыңыз