Жаңалықтар

«Арсенал» – «Манчестер Юнайтед» ойнын қайдан көруге болады

"Арсенал" мен "Интер" қарсыластарын тас-талқан етті
фото: kursiv.media архиві

25 қаңтар күні Лондондағы «Эмирейтс» стадионында Англия Премьер-лигасының 23-туры аясында «Арсенал» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі.

Қайдан көруге болады

Матч Астана уақытымен 21:30-да басталып, Setanta Sports 1 арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Командалардың жағдайы

Қазіргі таңда «Арсенал» АПЛ турнир кестесінде 50 ұпаймен көш бастап тұр және барлық турнирлерде 12 матч қатарынан жеңілмей келеді.

Ал «Манчестер Юнайтед» 35 ұпаймен үздік бестікті түйіндеп тұр. Өткен турда команда Манчестер дербиінде «Манчестер Ситиді» 2:0 есебімен жеңіп, сенсация жасаған еді. Енді Майкл Кэррик шәкірттері тағы бір ірі қарсыласты ұтып, үздік төрттікке көтерілуге тырысады.

Еске сала кетейік, үш күннен кейін дәл осы «Эмирейтс» стадионында «Арсеналға» қарсы «Қайрат» ойнайды. Алматылық ұжым бүгін 25 қаңтар күні Англия астанасы Лондонға жол тартқан еді.