«Арсенал» «Қайратпен» ойын алдында «Манчестер Юнайтедтен» жеңіліп қалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

Лондондық «Арсенал» Англия Премьер-лигасының кезекті туры аясында өз алаңында «Манчестер Юнайтедке» 2:3 есебімен жеңілді.

Ойын барысы

Кездесудің алғашқы минуттарында алаң иелері басымдық танытып, есепті ашты. Букайо Сака Мартин Эдегордың айып алаңындағы пасынан кейін бірден соққы жасағаннан кейін, Лисандро Мартинес Юрриен Тимбермен талас барысында допты өз қақпасына бағыттап алды – 1:0.

Алайда бұл гол «қызыл сойқандардың» еңсесін түсірмеді. Бриан Мбемо Субимендидің артқа берген пасын қағып алып, Давид Райядан сытылып өтіп, бос қақпаны дәл көздеді – 1:1

Екінші таймды «Юнайтед» белсенді бастады. Патрик Доргу алыстан жойқын соққысымен командасын алға шығарды – 1:2.

«Арсенал» есепті теңестіруге бар күшін салды. Қонақтар қорғаныста ойнағанымен, матч соңына дейін төтеп бере алмады. 84-минутта бұрыштама добын орындау кезінде қақпашы қателесіп, Микель Мерино қақпа маңында допты аяқпен торға тоғытты – 2:2.

Дегенмен лондондықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан Матеус Кунья алыстан төменгі бұрышты дәл көздеп, жеңіс добын соқты. Есеп 2:3.

Арсенал – Қайрат

Айта кетейік, 29 қаңтарға қараған түні сағат 01:00 де дәл осы «Эмирейтс» сталионында Арсенал алматылық «Қайратты» қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыз