
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Australian Open турнирінің 1/8 финалында алаң иесі, австралиялық Алекс Де Минаурмен кездеседі. Бублик мансабында алғаш рет Мельбурндегі «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші кезеңіне өтті. Бұған дейін қазақстандық спортшының ең үздік нәтижесі екінші айналыммен шектелген.
Бублик 2026 жылғы Australian Open жарысын сенімді бастады. Алғашқы айналымда америкалық Дженсон Бруксбиді үш сетте жеңді – 6:4, 6:4, 6:4. Екінші кезеңде венгриялық Мартон Фучовичтен айласын асырды – 7:5, 6:4, 7:5. Ал үшінші айналымда аргентиналық Томас Этчеверриді екі тай-брейкпен аяқталған матчта ұтып, жарыстың басты сенсацияларының бірін тіркеді – 7:6, 7:6, 6:4.
Ал Алекс Де Минаур болса, Australian Open турнирінің 1/8 финалына қатарынан бесінші жыл шығып отыр. Осы кезеңдегі оның ең жоғары көрсеткіші өткен маусымдағы ширек финал.
Мельбурнде өтетін матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады. Ойынды келесі сілтеме арқылы өтіп қарауға болады.
Еске сала кетейік, бүгін 25 қаңтар күні қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open турнирінді жарыс жолын аяқтады. Бұдан бөлек, ертең Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өнер көрсетді.