
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Australian Open-2026 турнирінің 1/8 финалында австралиялық Алекс Де Минаурға қарсы ойында жеңіліп қалды.
Жарыс барысында Бублик үш сетті 6:4, 1:6, 1:6 есебімен ұтылып, жарыс жолын аяқтады.
Бұған дейін, тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да жарыстан шығып қалды. Енді «Үлкен дұлыға» турнирінде Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан Елена Рыбакина мен жұптық сында Анна Данилина ғана қалды.