Жаңалықтар

«Хартс» – «Селтик»: Ислам Чесноков қатысуы мүмкін матчтың тікелей эфирі

фото: instagram

Жексенбі, 25 қаңтар күні, Шотландия Премьер-лигасының 23-турында «Хартс» пен «Селтик» кездеседі. Ойын Эдинбургтегі «Хартс» алаңында өтеді және турдың орталық матчына айналып отыр.

Қазіргі таңда «Хартс» чемпионат көшін бастап тұр. 22 матчтан кейін 50 ұпай жинаған. Ал «Селтик» 44 ұпаймен екінші орында. Өткен турда «Хартс» өз алаңында «Сент-Мирренді» 2:0 есебімен жеңсе, «Селтик» қонақта «Фалкиркті» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Бұл матч қазақстандық жанкүйерлер үшін де ерекше. Себебі «Хартс» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының вингері Ислам Чесноков өнер көрсетеді. Қазақстандық ойыншы клубтағы дебютін Кубок матчында «Фалкиркке» қарсы өткізген. 77-минутта алаңға шыққан Чесноков 85-минутта өз командасын пенальти алып берді.

Ислам Чесноков бұл жолы алаңға шығып қалуы мүмкін.

«Хартс» – «Селтик» матчы бүгін сағат 20:00-де Setanta Sports Plus телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Ислам Чесноков қаңтар айының басында қостанайлық «Тобыл» сапынан шотландиялық «Хартс» футбол клубына ауысқан еді.