
Апта басынан бері S&P 500 индексінің фьючерсі 0,65%-ға төмендеп, 6915,62 пункт деңгейіне түсті. Нәтиже -теріс. Бірақ жағдай аса қорқынышты көрінбейді. 21 қаңтар күні құлдырау әлдеқайда үлкен болды: индекс 2,3%-ға дейін төмендеп, 6781 пунктке жетті. Бұл – 2025 жылғы 19 желтоқсаннан бергі ең төменгі көрсеткіш.
АҚШ пен ЕО арасындағы Гренландияға байланысты сауда соғысы тақырыбы біртіндеп күн тәртібінен түсіп жатыр. Америкалық қор индекстері бастапқы деңгейлеріне қайта оралуда. Жоғары технологиялық Nasdaq 100 екінші күн қатарынан апталық плюста. Ал салмағы ауыр S&P 500 әлі де аптаның басында қалыптасқан 6941 пунктегі баға алшақтығының (гэптің) шегіне жете алған жоқ.

Егер жаңалықтар легінен Гренландия тақырыбын алып тастасақ, акциялар нарығы қазір плюста болар еді. Netflix (NFLX) сейсенбі күні Уолл-стриттің болжамдарынан асып түсті. Бұған дейін компанияның акцияларды кері сатып алу бағдарламасын тоқтатқанына байланысты сұрақтар болған. Бұл шешім Warner Bros. студиясының активтері мен HBO Max стримингтік сервисін сатып алу жөніндегі жаңа ұсынысқа байланысты қабылданды. Дегенмен, бұл жеке компанияның ішкі оқиғасы, бүкіл сектордың жағдайын сипаттамайды.
Алтын рекорд орнатты
Осы аптада алтын құны психологиялық 5000 нүтесіне тест жасап көрді. Бір аптада 9 пайыздан астам өсім көрсетті. Нарықта қазір алтынға сұраныс анық сезіледі. Бұған басты себеп Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың ушығуы және Гренландия төңірегіндегі даудың АҚШ пен оның одақтастары арасындағы қарым-қатынасты күрделендіруі. Осындай белгісіз кезеңдерде инвесторлар тәуекелі жоғары активтерден шығып, ақшаны «тыныш айлақтарға» бағыттайды. Соның ішіндегі ең сенімдісі – GOLD. Нәтижесінде бағалар бір апта ішінде 10%-дан астам өсіп кетті. Маңыздысы бұл өсім қысқа мерзімді алыпсатарлықтың емес, капиталдың қорғаныш активтерге жүйелі түрде ауысуының көрінісі.
Алтынға деген қызығушылықты арттырып отырған тағы бір фактор – АҚШ-тағы ақша-несие саясатына қатысты белгісіздік. Дональд Трамп ФРЖ басшысы Джером Пауэллдің орнына пайыздық мөлшерлемені төмендетуге бейім басшы тағайындауы мүмкін деген күтулер нарықтағы көңіл күйді өзгертіп отыр. Қазірдің өзінде инвесторлар 2026 жылы мөлшерлеме тағы екі рет төмендеуі мүмкін деген сценарийді есепке алып отыр. Бұл долларды әлсіретіп, алтынды бұрынғыдан да тартымды ете түседі.
Доллар бағамы
Теңге апта бойы нығайып, доллар бағасы 4 теңгеге арзандады. 19 қаңтар күні нарық бір доллар үшін 508 теңгеге жабылып, апта соңы 23 қаңтарда бұл 503,5 теңгеге дейін нығайды. Ұлттық банк осы жұма күні базалық ставканы 18,00 тармағында қалдырды. Бас банктің қатаң риторикасы теңгеге қосымша күш береді. Сонымен қатар алдағы үлкен салық апталығы теңгеге қосымша позитив береді.
Мұнай. Таяу шығыстағы дағдарыс
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп бейсенбі, 22 қаңтар күні кешке Air Force One бортында журналистерге берген сұхбатында АҚШ флоты Иран бағытына қарай жіберілгенін айтты. Ақпаратқа сәйкес, алдағы күндері Таяу Шығысқа бір авианосец пен бірнеше эсминец жетуі тиіс. Бұл аймақта әскери қақтығыстардың қайта өршуі мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтті.
Иран ОПЕК құрамындағы ең ірі мұнай өндірушілердің бірі әрі мұнайды негізгі көлемде жеткізетін елдердің қатарында. Сонымен қатар, Иран — мұнайды ең көп импорттайтын Қытай үшін маңызды жеткізуші. Сондықтан АҚШ тарапынан кез келген әскери араласу елден мұнай жеткізілімінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Қазақстан нарығы
Индекс бір аптада 1,29 пайыздық тармаққа көтерілді. KASE индексін алға сүйреугі драйвер осы апта да «Қазатомөнеркәсіп» болды. Урандық держава бір аптаның ішінде 8,9 пайызға өсті. Сонымен қатар Қазмұнайгаз да 2,4 пайыздық өсіммен аптаны жақсы жапты,.